Оспанова Жанар Рапилбековна
Туған күні: 19 сәуір 1969 ж
Ұлты: қазақ
Педагогикалық стажы: 19 жыл
Атқарып отырған лауазымы бойынша еңбек стажы: 1 жыл
Аталған білім беру ұйымындағы еңбек стажы: 1жыл
Білімі: Жоғары, Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты,
педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі «Бастауыш сынып мұғалімі» 2002-2005жж.;
Орта арнайы, Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесі, мектепке дейінгі педагогика және психология «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» 1984-1988жж.
Оспанова Жанар Рапилбековна – іс-тәжірибесі мол, теориялық және әдістемелік дайындығы жоғары, мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісін жүргізуде жаңашыл тәсілдерді пайдаланатын - білікті педагог, шығармашыл басшы.
Жанар Рапилбековна педагогикалық қызметін 1988 жылы тәрбиешіліктен бастаған. Ол жұмысында педагогикалық дамыту технологиялары мен интерактивті тәсілдерді қолданып, өзін шығармашыл тұлға ретінде көрсете білді.
2002 жылы ол әдіскер қызметін атқарып, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімшілігінің білім бөлімі .Б.Момышұлы а. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жұмыс мазмұнына жетекшілік етіп, сала қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсете отырып, жылдық, ағымдағы есептілікті жинақтап, құзырлы ұйымдарға өткізу. Негізгі іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру, өткізу, жинақтау (конференция, байқау, семинарлар).
2005 жылы Жамбыл облысы кәсіподақтар Кеңесі, ұйымдастыру-көпшілік және аудармашы маман, жетекші маман. Лауазымдық міндеттері: негізгі іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру, өткізу, жинақтау (конференция, форум, семинарлар), облыс кәсіподақтар белсенділерінің білімін жетілдіру бойынша жылдық жоспарды құру және еңгізу, жылдық мүшелік есептілікті жасақтап, өткізу.
2014 жылы ҚР БҒМ РММ ««Балалық шақ» Республикалық орталығы», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім сапасын басқару» бөлімінің басшысы.
2016 жылы Облыстық білім басқармасы. «Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМКҚ. Әдіскер, міндеттері қосымша білім беру оқу-тәрбие үрдісіне жетікшілік ету .
2017жылы «Інжү» балабақшасы, мектеп-гимназия Кешені» Тараз қаласы әдіскер.
2019 жылы «№9 бөбекжай-бақшасы» меңгерушісі. Ол өзін алғыр, шығармашыл, ұйымдастырушылық қасиеті мол басшы ретінде көрсетіп, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды белсене енгізуде. Жанар Рапилбековнаның басшылық көрсету аралығында мектепке дейінгі мекеме қала және облыс көлеміндегі байқауларға қатысуда.