Айткулова Гулмира Кендебаевна – заведующая
ГККП «Ясли-сад №8» отдела образования акимата города Тараз.
Айтқұлова Гүлмира Кендебайқызы – «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 бөбекжай-бақшасы» МКҚК меңгерушісі
Айткулова Гульмира Кендебаевна 1969 жылы туылған, білімі – жоғары, аталған мектепке дейінгі ұйымда 2010 жылдың 17 мамырынан бастап меңгеруші қызметін атқарып келеді. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 26 жыл 5 ай, санаты – бірінші.
Гүлмира Кендебайқызы – педагогикалық білімі, талдау және зерттеу дағдысы бар, бала дамуының психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыра білетін, кәсіби құзыреттілікті меңгерген педагог-басшы. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығу – білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді қолдайды.
2015жылы Сочи қаласында өткен Білім беруді дамытудың халықаралық Академиясы, Мәскеу кәсіпкерлер Ассоциациясы, «Мектепке дейінгі ұйымдар кеңесі» «Нұр болашақ» заңды тұлғалар бірлестігі, VI Халықаралық мұғалімдер слеты мен Қазақстан Республикасының ІІ халықаралық мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарының Слетына қатысып, балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы жаңа шешімдерді іздеу, жұмыстардың инновациялық түрлерін және үздік әдіс-тәсілдер ұсынғаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның толық курсын «Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың инновациялық менеджменті» тақырыбы бойынша бітірді.
Балабақша меңгерушісі қызметін жүргізу барысында көптеген жетістіктерге жетіп, балабақша беделін арттырды. Соның нәтижесінде №8 «Арнайы логопедтік» балалар бақшасы 2016 жылы «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» облыстық байқауында бас жүлдені иеленді. Осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауына қатысып, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айтқұлова Гүлмира Кендебайқызы – Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын білетін, өзіне жүктелген міндетін адал атқаратын, үлкен жауапкершілікпен қарайтын, ұйымдастыру қабілеті бар, талап қоя білетін, талаптарды орындай білетін, қарым-қатынас жасауда адамгершілік ережелерін сақтай білетін басшы ретінде ұжымға танылды, ата-аналар арасында беделді, өз мамандығын сүйетін, үнемі ізденіспен жұмыс жүргізетін, жаңашыл ойлайтын, ұжым арасында сыйлы жан.
Гүлмира Кендебайқызы – отбасында адал жар, 3 бала, 1 немере тәрбиелеп отырған ардақты ана, сүйікті әже.