Мен, Джунусбекова Орынкул Тажибековна 1957 жылы 06 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келдім. 1964 жылы Үшарал орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1974 жылы сол мектепті бітірдім. 1974 жылы Қазақстан мемлекеттік педагогтік институтына түсіп, 1978 жылы мектеп жасына дейінгі балалар педагогикасы мен психология мұғалімі және мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінің методисы мамандығы бойынша 1978 жылы тәмамдадым.
Әкем - Найманбаев Тәжібек 1906 жылы 6 мамырда дүниеге келіп, 1964 жылы 6 тамызда дүниеден озды.
Анам- Смайлова Пернекүл 1924 жылы 22 мамырда дүниеге келіп, 1974 жылы 14 мамырда дүниеден озды.
1978 жылы тұрмыс құрып, дүниеге 2 қыз, 1 ұл әкеліп, 10 немере сүйіп отырмын.
Жұбайым - Джунусбеков Нурлан - жеке кәсіпкер.
Ұлым - Джунусбеков Тимур - жеке кәсіпкер, экономист.
Қызым - Джунусбекова Индира - медбике.
Қызым - Джунусбекова Дамира - шаруашылық меңгеруші.
Еңбек өтілім:
1978-1981 жылдары бастауыш сынып мұғалімі
1981-1989 жылдары балаабақша тәрбиешісі
1990-2017 жылдары балабақша меңгерушісі қызметін атқардым.
2019 жылы “Ырым” ЖШС-ке қарасты “Айқын” балабақшасын ашып, сол балабақшада меңгеруші қызметін атқарамын.
Жетістіктерім:
1997 жылы - Қазақстан Республикасы «Білім үздігі»
2010 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгісін иеленді
2012 жылы Тараз қаласы маслихатының Құрмет грамотасымен
2014 жылы білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі мен және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Жамбыл облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен
2014 жылы қазіргі заман талаптарына сай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруды жетілдіруге жоғары кәсіби шеберлік, шығармашылық қабілет танытып, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Алғыс хатымен
2014 жылы Тараз қаласы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды.
2014 жылы «Жылдың мемлекеттік кәсіпорыны-2014» сертификатының иегері атанды.
2015 жылы Сочи қаласында өткізілген ҚР мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ІІ Халықаралық съездіне белсене қатысқаны және асқан педагогикалық шеберлік пен біліктілік, мақсатқа жетуде табандылық танытқаны үшін диплом және сертификат иеленіп, лауреат атанды.
2015 жылы «Балабақша - әдістемелік жинақ» номинациясы бойынша қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасын иеленді.
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Жаңашыл жетекші» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
2016 жылы «Ерен еңбегі үшін» орденін иелендім.
2019 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінің «Ел ардақтысы» («Гордость Народа») медалінің иегері.
2023 жылы Білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары үшін ҚР оқу министрінің Алғыс хатымен марапатталдым.