Жұматаева Шарапат Тастанқызы 1982 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылында дүниеге келді.1988 жылы «Тілеміс батыр» ауылындағы №4 мектепке барып, оны 1999 жылы бітірді. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетіне түсіп, оны 2004 жылы «Қазақ тілі мен мен әдебиеті, ағылшын тілі» мамандығы бойынша аяқтады. 2004 жылдың қыркүйегінде Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің Тараз институты, «Шетел тілдері» кафедрасына ағылшын тілі бойынша оқытушы қызметіне қабылданды. Осы жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурасына түсіп, 2006 жылы «Педагогика және психология магистрі» академиялық дәрежесін алды.
Аталған оқу жылының желтоқсанында аға оқытушы қызметіне ауысты. Қосымша еңбек келісімі негізінде 2006 жылы Жамбыл облысы әкімиятының мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында қазақ тілі оқытушысы және аудармашысы қызметіне қабылданды. Жоғарыдағы жұмыс орындарында 2008 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет атқарып, сол жылдың 28 желтоқсанында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №18 «Еркежан» балабақша меңгерушісінің қызметіне тағайындалды.
Меңгеруші қызметін атқару барысында балабақша ұжымы, тәрбиеленушілері қалалық,облыстық Республикалық байқаулардың бірнеше рет жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып келеді.
Жұматаева Шарапат Тастанқызы Тараз қаласы мен Жамбыл облысында өткізілетін қоғамдық, мәдени – қайырымдылық іс-шараларға белсенді қатысады
Тараз қаласының әкімінен, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы білім бөлімінің басшысы және Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығынан бірнеше алғыс хаттарымен марапатталды.
2015 жылдың қараша айында өткен 4-ші Еуразиялық әйелдер саммитінде әйелдер қозғалысының идеясын қолдап, белсене ат салысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жұматаева Шарапат Тастанқызы тұрмыста, жолдасы - Торекулов Жумабек,
3 қыздың анасы.
Жамбыл облысының Іскер Әйелдер қауымдастығының мүшесі бола отырып, Жамбыл облысында, Тараз қаласында өткізілетін мәдени – қайырымдылық іс-шараларға белсенді қатысады.
Жұматаева Шарапат Тастанқызының кандидатурасы Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының кезектен тыс басқарма отырысында ұсынылған.
НАГРАДА Қ А ҒА З Ы
1.Тегі, аты, әкесінің аты Жұматаева Шарапат Тастанқызы
2. ЖСН - 820724400628
3.Қызметі ,жұмыс не қызмет орны (кәсіпорынның ,мекеменің, ұйымының,министрліктің, мемлекеттік –комитеттің бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек)
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №18 «Еркежан» КҚМК балабақшасының меңгерушісі
4.Жынысы әйел
5.Туған жылы мен туған жері 24.07.1982 жыл. Жамбыл облысы, Меркі ауданы Ақтоған ауылы
6.Ұлты қазақ
7.Білімі жоғары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Факультет «Әлем тілдері», 1999-2004 ж
8.Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы, арнаулы атағы –
«Педагогика және психология магистрі»
9.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:
2013 жыл
АЛҒЫС ХАТ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
2014 жыл
СЕРТИФИКАТ
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Біліктілікті арттыру институты
2015 жыл
Алғыс хат
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы
2016 жыл
ДИПЛОМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ АКАДЕМИЯСЫ
10.Үйінің мекен-жайы: Тараз қаласы, 10 -10-40
11.Жалпы жұмыс өтілі 12 жыл
12.Саладағы жұмыс өтілі 12 жыл
13.Осы еңбек ұжымындағы еңбек өтілі 8 жыл