Жуматаева Шарапат Тастановна
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №9 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі
Жұматаева Шарапат Тастанқызы 1982 жылы 24 шілдеде Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Ақтоған» ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1999 -2004 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі» мамандығын алды.
2004-2006 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2004 жылы А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз филиалы «Шетел тілдері» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды.
2008 - 2025 ж.ж. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі қызметін атқарған.
2025 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №9 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Тұрмыста, отбасында 6 бала тәрбиелеп отыр.
Жуматаева Шарапат Тастанқызы мектепке дейінгі ұйым саласындағы көп жылдық жемісті еңбегімен, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесімен, басқарушылық қабілеті мен шығармашылық әлеуетімен ерекшеленеді. Ол білім беру ұйымдарының дамуына, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеуге бағытталған түрлі жобаларға белсене қатысып келеді.
Марапаттары мен алғыс хаттары
2020 жыл
– Тараз қаласы білім бөлімінен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі нәтиже¬лі еңбегі үшін Алғыс хат.
2021 жыл
– Қазақстандық қоғамдық даму институтынан «Кемел болашақ» жобасын жүзеге асырудағы кәсібилігі үшін Алғыс хат. (Тараз қаласы)
2022 жыл
– М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы көрмеге ұлттық ойыншықтардың жаңа үлгілерін ұсынғаны және тәрбиелік жұмысқа қосқан үлесі үшін Алғыс хат.
2023 жыл
– Жамбыл облысы оқу-әдістемелік кабинетінен аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинарда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хат.
– Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясынан «Алғыс айту күні» аясында өткізілген облыстық іс-шараға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат.
– «Тіл – татулық тірегі» республикалық іс-шарасында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастардың дүниетанымын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хат.
– Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы өткізген облыстық педагогикалық оқулардың жеңімпазы, ІІ дәрежелі диплом.
– «Үркер» Халықаралық IQ орталығынан балалардың білімге қызығушылығын арттыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хат. (Астана қаласы)
– «Үркер» республикалық марафонында жеңімпаздарды дайындағаны үшін Диплом. (Астана қаласы)
2024 жыл
– «Үркер» Халықаралық IQ орталығынан білім сапасын жетілдірудегі және дарынды балаларды дамытудағы еңбегі үшін Алғыс хат.
– ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ тарапынан мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат.
– Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудегі үлесі үшін Алғыс хат.
– Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасынан 100 кіші жобаны іске асыру аясында семинар ұйымдастырғаны үшін Алғыс хат.
– ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ тарапынан ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік семинарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Алғыс хат. (Астана қаласы)
Ғылыми еңбектері
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің
2020 жылғы 16 маусымдағы №10 хаттама шешімімен төмендегі оқу-әдістемелік еңбектер жарық көрді:
1. «Асыл мұра» этнопедагогикалық жобасы
Ортаңғы топқа арналған оқу-әдістемелік құрал.
ISBN: 978-601-7329-33-67
2. «Асыл мұра» этнопедагогикалық жобасы
Ересек топ балаларына арналған оқу-әдістемелік құрал.
ISBN: 978-601-7329-35-8
3. «Асыл мұра» этнопедагогикалық жобасы
Мектепалды топқа арналған оқу-әдістемелік құрал.
ISBN: 978-601-7329-33-4
Бұл ғылыми еңбектер мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған және педагогтер үшін маңызды әдістемелік қолдау болып табылады.
Авторлық өнертабыстар мен патенттер
Жуматаева Шарапат Тастанқызы мектепке дейінгі білім беру саласына жаңашыл көзқараспен қарап, балалардың ұлттық дүниетанымын дамытуға бағытталған бірқатар авторлық жобалар мен өнертабыстарды әзірлеген. Оның шығармашылық жұмыстары ғылыми тұрғыдан расталып, заң аясында қорғалған.
Атап айтқанда:
– «Ғажайып киіз үй» атты ұлттық бағыттағы авторлық ойыншық, балалардың ұлттың тарихы мен тұрмысын тануына арналған инновациялық оқу құралы зияткерлік меншік объектісі ретінде патенттеліп, авторлық құқықпен қорғалған.
– «Сиқырлы диірмен» атты танымдық-дамытушылық бағыттағы ойын кешені де патенттеліп, авторлық құқықпен ресми түрде тіркелген. Бұл өнертабыс балалардың сенсомоторлық дағдыларын, ұсақ қол моторикасын, ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған.
– Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбиеде қолдануға арналған бірқатар ұлттық авторлық ойыншықтар мен дамытушылық құралдардың авторлық құқығы қорғалған, олар оқу үдерісінде, көрмелер мен ғылыми-тәжірибелік семинарларда жоғары бағаланып келеді.
Бұл туындылар ұлттық тәрбие беру жүйесін жаңғыртуға, балалардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыруға айтарлықтай үлес қосып, педагогикалық қауым тарапынан оң бағасын алған.